Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда139655
Бір айда14912
Бір аптада2939
Кеше387
Тәулік44
«Жас шахматист» клубының ашылуы
10 Қаң, 16:49

    «Бір уақыттағы ойын сеансы» облыстық акция аясында мектебімізде шахмат үйірмесінің ашылуы өтті.

    Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының бас маманы Ескендирова Айгерим Еркиновна мен ардагер ұстаз, спорт саласының құрметті қызметкері Сағидолла Тойғанұлы Шахманов қатысты.

     Ойынға 25 сұраныс білдірді, бір уақыттағы ойын сеансты гроссмейстер спорт шеберіне кандидаты, 15 жасқа дейінгі ҚР  чемпионы Бектуров Тамерлан жүргізді. Ойын нәтижесінде «Ең жас ойыншы» номинациясына 2 «А» сынып оқушысы Абжаппар Нұржан (8 жас), «Тең ойын нәтижесі» номинациясына 6 «Ә» сынып оқушысы Зияда Нұрмұхамед (11 жас) оқушылары иеленді.

     Ең ұзақ ойын сеансын 10 «А» сынып оқушысы Сүйіндік Нұртас, қыз балалар арасында Дауленова Малика 4 «Ә» сынып оқушылары көрсетті.

      Бастау алған ақыл-ой ойынына ниет білдірушілер саны көбеюде.