Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда90940
Бір айда8122
Бір аптада1616
Кеше164
Тәулік154
«Латын әліпбиіне көшуге қолдау көрсету және дамытуға үлес қосу» мақсатында «Сырлы таңба» атты оқушылар арасында топ ұйымдастырылды
08 Ақп, 14:03

    2017-2018 оқу жылында  «Латын әліпбиіне көшуге  қолдау көрсету және дамытуға үлес қосу»  мақсатында «Сырлы таңба» атты оқушылар арасында топ ұйымдастырып, өз жұмысын бастады.

   Топты ұйымдастырудағы мақсат: оқушыларға латын әліпбиінің тарихынан ақпарат беру, қажеттілігін, құндылығын, маңыздылығын ұғындыру. Мәңгілік Ел мұратына ұмтылған Қазақстан халқының ұлттық кодының негізі саналатын рухани жаңғырудың негізі латын әліпбиіне көшу – еліміздің әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарынан табылуының кепілі болатындығы   төңірегінде әртүрлі  шаралар  мен жұмыстар ұйымдастыру. Жұмыс тобы айына бір рет  6- 10-сынып аралығындағы оқушылармен тарих, тіл пәні мұғалімдерімен бірге бас қосады.  Алғашқы отырысы   «Латын әліпбиінің тарихы» тақырыбында 7-10-сынып оқушыларымен, тіл пәні мұғалімдеріннің қатысуымен дөңгелек үстел түрінде өтті.