Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда66613
Бір айда5693
Бір аптада1652
Кеше349
Тәулік99
17 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, аға буын өкілдері мен мектеп оқушылары арасында «Қазақ жүректі жастар қандай болулары керек» тақырыбы аясында кездесу өтті.
21 Қар, 16:07
17 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, аға буын өкілдері мен мектеп оқушылары арасында «Қазақ жүректі жастар қандай болулары керек» тақырыбы аясында кездесу өтті.
Кездесуге келген аға буын өкілдері:
Қабидолла Әлиұлы Әлібаев – зейнеткер ұстаз, білім беру ісінің үздігі, Аққулы ауданының құрметті азаматы.
Ульян Мақұл – «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісінің иегері, тіл және дін жанашыры.
Балтабай Сәкенұлы Сыздықов – ақын, күйші, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы.
Серік Қинаятұлы Сатыбалдин – зейнеткер ұстаз, Қазақстан журналисттер одағының мүшесі, жазушы, аудармашы.
Ермек Сағымбайұлы Жұматов – зейнеткер ұстаз.
Кездесу Балтабай Сәкенұлының біздің мектепке арналған арнау өлеңінен басталды.
Кездесу барысында сөз сөйлегендер:
Қабидолла Әлиұлы- «Жас ұрпақтың жетілуіндегі ұлттық тәрбиенің орны».
Серік Қинаятұлы – «Отбасы салттарын білу және орындау – әр жеткіншектің парызы».
Ульян Мақұл- «Қазақстан халықтарының ұлттық құндылықтары». Іс-шара Балтабай Сәкенұлының екі күйі тартып, жас өрендерге бата берумен аяқталды.