Жас чемпион өз жетістіктерімен қуантуда!
21 Қар, 16:14
18 қарашада Кёкушинкай каратэ бойынша Екібастұз қаласының ашық біріншілігінде Абай атындағы дарынды балаларға арналған 10 лицей-мектебінің 1 "а" сыныбының оқушысы Сағындық Сұлтанмұхаммед күміс жүлдеге ие болды. Жас чемпионның қанжығасындағы екінші медаль құтты болсын!