Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда51834
Бір айда5307
Бір аптада1476
Кеше90
Тәулік89
«Қыз өссе - елдің көркі»
25 Ақп, 16:16

   23 ақпан күні «Өнер - xалық тариxының асыл шежіресі» атты эстетикалық өнер айлығының аясында мектебімізде «Қыз өссе - елдің көркі» деген атаумен қыз сыны сайысы өтті. Сайысқа әділ қазылық етуге қаламыздың аруы атанған Батык Мадина шақырылды.

     Сайыс барысында аруларымыз төрт кезең бойынша бақ сынады. «Сыр мен сымбат сұлулығы» кезеңінде арулар жиналған қауымға өздерін таныстырды. Қазылар алқасы олардың сахнада өзін-өзі ұстай білу мәнері мен ұлттық киім үлгісіне мән берді. Қолөнер шеберлігінің «Бес саусағынан бал тамған» сайысында қыздар ою-өрнек салу, кесте тігу, дәмді тағамдар әзірлеу өнерлерін паш етті. «Ақыл жастан, асыл - тастан шығады» кезеңінде бойжеткендердің салт-дәстүрлер мен мақал-мәтелдерді білу бойынша білім деңгейлері бағаланса, «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» сайысында көрермендер қатысушылардың ән айту, би билеу, мәнерлеп өлең оқу шеберліктеріне тәнті бола алды.