Меню:

За год56092
За месяц3270
За неделю816
Вчера239
Сутки103
«Зерде» республикалық сайысында үш бірінші орын!
03 Фев, 12:42

Қазақтың сахара даласына нұр болуға ағып түскен жарық жұлдыз Абай Құнанбайұлының «Бес асыл ісін» бойларына дарытып, терең ойдың тұңғиығынан маржан теріп, кемел білімнің биігінен көрінген білімді де талапты үш оқушымыз «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен 1-7 - сынып оқушылары арасындағы «Зерде» зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурсының республикалық кезеңінде жүлделі бірінші орынды иеленіп, мектебіміздің мерейін үстем етті. Атап айтсақ, 7 «Б» - сынып оқушысы Ахметова Адель қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша І орын, жетекшісі Рустемова Светлана Биляловна; 6 «А» - сынып оқушысы Жұматай Дариға экология секциясы бойынша І орын, жетекшісі Төлегенов Серік Балықбайұлы; «тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясы бойынша жетекшісі Секенова Мақпал Жанатайқызы дайындаған 6 «В» сынып оқушысы Асқарова Айдана І орын иегерлері атанып, ғылым теңізіне тамшыдай үлестерін қосып, өз деңгейлерін анықтап, алдарына мақсат қойып, ұстаздарының еңбектерін абыроймен ақтап келді.

Мектебіміздің мақтанышы бола білген шәкірттерімізді, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» үздіктерді баптаған ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтай отырып, дендеріне саулық, еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз».