Мәзiр:

Бір жылда76308
Бір айда9861
Бір аптада2289
Кеше222
Тәулік95
Ой ұшқырлығы мен жылдамдық, табандылықты талап ететін шахмат турнирінде мектебіміздің оқушылары Алтынбаева Ділназ, Зияда Нұрмұхаммед, Акаев Аман, Бектуров Тамерлан ерекш қабілеттерімен биіктен көрініп, барлығы І жүлделі орынды қанжығаларына байлады.
10 Ақп, 13:14

Адамзат баласының ақыл-ойын дамтып, зиялылыққа жетелейтін кең тараған спорт түрі - шахмат. Ой ұшқырлығы мен жылдамдық, табандылықты талап ететін шахмат турнирінде мектебіміздің оқушылары Алтынбаева Ділназ, Зияда Нұрмұхаммед, Акаев Аман, Бектуров Тамерлан ерекш қабілеттерімен биіктен көрініп, барлығы І жүлделі орынды қанжығаларына байлады. Дана, дара ойшыл ақын Абай Құнанбайұлының "Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады..." деген пәлсапалық ой-тұжырымында айтылғандай, біздің шәкірттеріміз нұрлы ақылдарымен оза шауып, мектебіміздің абыройын асқақтата білді. Мектеп үшін бұл жеңіс - зор мақтаныш, үлкен қуаныш! Жеңімпаздарымызды ерекше ілтипатпен құттықтап, жеңіс туын әрдайым биікте желбірете беріңіздер деген игі тілегімізді білдіреміз.