Мәзiр:

Бір жылда56092
Бір айда3270
Бір аптада816
Кеше239
Тәулік103
"Күй тартыс"
20 Ақп, 16:17

          Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жеткіншектер бойына дарытып, олардың жан дүниесін оятуда, өнерге деген ынталарын арттыруда қазақтың киелі домбырасының атқаратын орны ерекше екені анық.

          Осы орайда бүгін мектебімізде «Әдебиет пен өнер – өмір бесігі» атты өнер айлығының аясында қара домбыраны жанына серік еткен жас дарындардарымыздың арасында «Күй тартыс» сайысы өтті.

          Іс-шара барысында 4-6 сынып оқушылары «Жастар биі», «Келіншек», «Тепең көк» күйлерін, ал 7-10 сынып оқушылары «Балбырауын», «Адай», «Түркімен» күйлерін шертіп сайысқа түсті.

          Өнер додасын бағалау барысында оқушылардың күй орындау шеберлігі мен сахна мәдениеті ескерілді.  

Қазақ халқының ұлттық болмыс-бітімі мен сана-сезімінен нәр алып, киелі рухани үрдістен жаралған дәстүрлі өнеріміздің қызығын көруге жиналған көрермен толы зал күмбірлеген домбыра үнін тыңдап, рухани демалып қалды.

Рухымызды асқақтатып, ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттайтын осындай тағылымы мол мәдени шараға қатысқан ұлтжанды шәкірттерімізге алғыс білдіреміз!