Мәзiр:

Бір жылда58263
Бір айда7398
Бір аптада1560
Кеше258
Тәулік103
15 мамыр - халықаралық отбасы күні құтты болсын!
15 Мамыр, 10:23
15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Әлемнің түкпір-түкпірінде аталып өтетін бұл күннің маңызы зор. Себебі адамзат баласының ең қымбат ошағы - отбасы. Отбасы - құрмет пен сүйіспеншіліктің, береке мен бірліктің қайнар бастауы. Тәрбиенің түпқазығын, отбасы құндылықтарын бойларына дарытқан әрбір ұрпақ - еліміздің сенімді болашағы, Отанын қорғайтын нағыз патриот. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов : " Ел боламын десең, бесігіңді түзе",- деп, отбасындағы бала тәрбиесін баса айтқан. Отбасы махаббатына бөленген шәкірттеріміз атаулы күнге орай жүрекжарды құттықтауларын бейнежазба арқылы жеткізіп, ата-аналарымен тағам түрлерін дайындап, шаңырақтағы береке-бірліктің беріктігін танытты. Ұлттық ұлағатымыз бен саф алтындай салт-дәстүріміздің сардар сақшылары - қазыналы қарияларымыз. Өмірлері өнеге ата-әжелеріміз немерелеріне өмірлік ақыл-кеңестерін айтып, ұлттық тәрбиенің бал-қаймағын ұрпақтарының санасына ұялата білді. Мақсаты айқын осындай өнеге сағаттары, шын мәнінде, санаға сәуле қондырып, жүрекке жылулық ұялатады. Отбасы күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтап, шағын мемлекетімізге шаттық, береке тілейміз.