Мәзiр:

Бір жылда58263
Бір айда7398
Бір аптада1560
Кеше258
Тәулік103
"Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай"
18 Мамыр, 18:47
«Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі — қазақтың әулиесі сол» Абай. Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларымен «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбына онлайн форматында бірыңғай «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, адалдық, парасаттылық қағидаларын тәрбиелеу және мәдениет деңгейін арттыру болып табылады. Абайдың қай өлеңін, қай қара сөзін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән асыл қасиеттерді бойына дарыта алмаған ел-жұртын сынағанда оны жек көру тұр­ғы­сынан емес, керісінше адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды аңғар­тады. Сол себепті, өскелең ұрпағымыздың көзі ашық, көкірегі ояу болсын десек, Абайды оқудан, бай мұраларын жаттап, даналық сөздерін бойымызға дарытудан жалықпағанымыз жөн.