Мәзiр:

Бір жылда68687
Бір айда12583
Бір аптада1260
Кеше194
Тәулік39
Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия мәртебесін алу – білім саясатындағы басты басымдық ретінде
09 Мау, 14:37

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия мәртебесін алу –
білім саясатындағы басты басымдық ретінде


2020 жылдың 8 маусымында  «Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінде» Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қамқоршылық кеңесінің күн тәртібіне гимназия мәртебесін алу мәселесі қойылды. «Қазақстан Республикасы білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»  «Мемлекеттік тілді басым дамыту білім беруді әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту есебінен күшейтілетін болады. Ол үшін гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектептер мен мектеп-интернаттарының желісі құрылатын болады» делінген. Абай  Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Абай мектебіне гимназия мәртебесін беру мәселесі көптен бері айтылып, ел арасында талқыланып келе жатқан болатын. Осы жолғы Қамқоршылық кеңесінің отырысында «Абай мектебіне» гимназия мәртебесін беру мәселесі көтеріліп, ата-аналармен талқылау жүргізілді. Қамқоршылық кеңесі бірауыздан елде жүргізіліп жатқан білім саясатына, оның ішінде Абай мектептеріне гимназия беру мәртебесіне қолдау көрсетті. Отырыс соңында мектеп-лицейде болып жатқан оң өзгерістерді бірге талқылап, өз пікірлерін ортаға салды. Жиын аяғында жаңа салынып жатқан құрылыс алаңына барып, жұмыс барысымен танысты.
Ата-аналар қауымының өкілдері жаңа оқу жылын Абай мектебі нағыз ақын ізбасарлары ретінде жаңа мәртебеде бастайтынына сенім білдірді.