Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда160745
Бір айда15949
Бір аптада3027
Кеше393
Тәулік33

Тарих пәнінің мұғалімдері

Ағалиева Айгүл Болатқызы

Ағалиева Айгүл Болатқызы

 

Білімі:     жоғары

Санаты:   жоғары

Еңбек өтілі: 24жыл

Осы мектептегі жұмыс өтілі:   12 жыл

Мамандығы: тарих және құқық пәні мұғалімі

Проблемалық тақырып:

Жаңа педагогикалық технология негізінде, оқушылардың өзіндік ізденісін, ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту.

Марапаттаулары:

-         2006 жыл, Павлодар облысының білім департаменті облыстық білім жүйесіндегі педагогикалық шеберлігі және көпжылғы шығармашылық еңбегі үшін алғыс жариялады.

-         2006 жыл, мектеп дамуына қосқан үлесі және олимпиадалық қозғалысты қолдап, шәкірт дайындауда жеткен жетістігі үшін алғыс хат берілді.

-         2010 жыл Павлодар облысының білім беру басқармасы облыстық білім саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен кәсіптік қызметіндегі жоғарғы көрсеткіштер үшін құрмет грамотасымен марапатталды.

-         2011 жыл, Павлодар облысының білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы дарынды балаларды дамыту және қолдауда көрсеткен қажырлы еңбегі үшін алғыс хат берді. 

Секенова Мақпал Жанатайқызы

Секенова Мақпал Жанатайқызы

Бітірген оқу орны: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. (2003-2007)
Мамандығы:Тарих пәнінің мұғалімі
Туған жылы, айы күні: 30.05.1986
Жұмыс орны: Абай атындағы дарынды балаларға арналған №10 лицей мектебі.
Еңбек өтілі – 5 жыл
Осы мектептегі еңбек өтілі – 2012 жылдан басталады
Менің міндетім: Мемлекеттік стандарт талаптарын орындау, қазіргі заман талабына сай  алған білімін практикада қолдана білуге үйрету, дарынды оқушылармен шығармашылық тапсырмалар арқылы шығармашылығын одан әрі дамыту, оқушылардың өз тарихына деген сүйіспеншілігінін, дүние жүзілік тарихқа деген құрметін, қызығушылықтарын одан әрі арттыруға жағдай жасау.  Сәтбаев оқуларына, түрлі ғылыми жобаларға қатыстыру, қабілетті оқушыларды олимпиадаға қатыстыру
Зерттейтін объектім: Оқушының қабілет деңгейін анықтау, одан әрі шыңдау.
Күтетін нәтижем: Қазіргі заман талабына сай  өзіндік пікірі қалыптасқан, кез келген жерде өз білімін практикада қолдана алатын,  тарихты сүйетін, ұлтжанды, отансүйгіш болатын тұлғаны қалыптастыру.
Курстар:
1.     Қоғамдық пәндер сабақтарында оқушылардың ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру   (2010ж) ОПМБАИ
2.     Жеке білім беру бағдарламалары бойынша  бағдарлық оқытуды ұйымдастыру   (2010ж) ОПМБАИ
3.     Ұстаз шығармашылығын дамытудағы сын тұрғысынан ойлау әдістемесі    (2010ж)
Құрастырған бағдарламалары:
1.     5-10-сыныптарға арналған «Ортақ бағдарлама» (2009ж.)
2.     7-сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешені (2009ж.)
3.     6-сыныпқа арналған жұмыс дәптері
Марапаттаулары:
Ұстаздар арасында облыстық пән олимпиадасы бойынша І орын (2012)
Исабаева Зарина Нұрланқызы

Исабаева Зарина Нұрланқызы

Білімі: жоғары, ПМПИ(2004-2008), магистратура (2008-2010)

Туған жылы, айы күні: 08.01.1985

Еңбек өтілі – 6 жыл

Осы мектептегі еңбек өтілі – 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап

Курстар:

1. Қоғамдық пәндер сабақтарында оқушылардың ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру   (2010 ж) ОПМБАИ

Марапаттаулары:

  • *  2013 жыл, "Өлкетану бойынша үздік арнайы курс"  конкурсының облыстық байқауының І орын иегері

* Успен аудандық әкімінің «Құрмет грамотасы»

Оқушылардың жетістіктері: 

2013-2014 жылы Айтпай Әлібек облыстық олимпиададан ІІ орын

2013-2014 жылы Болатбек Али облыстық "Зерде" сайысынан І орын

2014 жылы Болатбек Али республикалық "Зерде" сайысынан  ІІ орын

2014 жылы «ХІV Сәтбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференциясында  Олжекен Сымбат – ІІ орын, Болатбек Али- ІІІ орын, Темірбай Рамина- ІІІ орын

2014 жылы Академик К.А.Ақышевтың туғанына 90 жыл Республикалық ғылыми жобалар сайысынан Темірбай Рамина  ІІ орын

  •  

Рахметжанова  Самал Балғабекқызы

Рахметжанова Самал Балғабекқызы

Еңбек өтілімі: 6 жыл

Педагогикалық өтілі: 3 жыл

Осы мектепте 2012 жыл 1 қыркүйектен істейді

Мамандығы: «Тарих,құқық негіздері және экономика»; «Заңтану»

Тақырыбым: Тарих пәнінен оқыту барысында оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру