Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда66613
Бір айда5693
Бір аптада1652
Кеше349
Тәулік99

Мектептің танымал түлектері

Камалова Хабиба

Камалова Хабиба

Мектеп тарихындағы алғашқы «Алтын медаль» иегері – 1948 жылғы түлек, ғылым докторы. 

Асия Байзақова

Асия Байзақова

Мен мектепке 1942 жылы – Отан соғысының нағыз сұрапыл жылында бардым. Ол кезде Абай мектебі Толстой №22 үйде орналасқан болатын. Мен сол көшеде №20 үйде тұрдым (сол үйде қазір тұрамын). Ол жыл өте ауыр жыл еді. Кейбір балаларды үлкен ата - әжелері мектепке әкелді, әкелері-соғыста, аналары-еңбекте. Ал кейбір балалар өздері келіп жатты. Мен жоғары оқу орнын 1957 жылы бітірдім. Кейіннен Москвада жоғары партия мектебін бітіріп, 21 жыл партия қызметінде болдым. 1968-1973 жылдар аралығында Павлодар қалалық партия комитетінің хатшысы болдым. 70 жылдық тарихы бар мектеп–менің мақтанышым. Кейінгі ұрпағыма айтарым : «Ана тілдеріңді сүйіңдер, мектепті, екінші ұяларыңды ұмытпаңдар. Отанға, халыққа адал қызмет істеңдер. Республикамыздың өсуіне үлес қосыңдар!»

(Әсия апайдың мектептің 70 жылдығына естелігінен).

Қонқаев Қаратай

Қонқаев Қаратай

1952 жылғы  мектеп түлегі. Москвадағы Бауман атындағы техникалық училищені бітірген, аймақта ұзақ жылдар ерен еңбек еткен парасат иесі.  

Әшімбетов Кемер

Әшімбетов Кемер

1952 жылғы  мектеп түлегі. Облыстық атқару комитетінің төрағасы, көп жылдар аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлкен үлес қосқан жан.

Ахметжанов Идеят

Ахметжанов Идеят

1948 жылғы  мектеп түлегі 

Нұржанов Қасымтай Бекжанұлы

Нұржанов Қасымтай Бекжанұлы

1948 жылғы  мектеп түлегі 

Нұржанов Сайлаубай

Нұржанов Сайлаубай

1948 жылғы  мектеп түлегі 

Рамазан Токтаров

Рамазан Токтаров

1935 жылы 13 қаңтарда Павлодар қаласында дүниеге  келдім. 1953 жылы Абай атындағы №10 қазақ орта мектебін аяқтадым. 1957 жылы Алматы шет тілдер институтының француз тілі факультетін бітірдім. Еңбек жолым қазақ баспасөзімен тығыз байланысты. Павлодар облыстық газетінде, «Леніншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттері, «Мәдениет және тұрмыс» журналдарында, Қазақстан жазушылар одағында, «Жазушы» баспасында қызмет атқардым. Данышпан Абайдың жүрек сырына сәуле түсіріп, оның заманы мен  ортасын жаңаша байыптаған «Абайдың жұмбағы» деп аталатын роман-хамсасымен Мемлекеттік сыйлыққа ие болдым.

Хабиболла Оспанов

Хабиболла Оспанов

1932 жылы 10 шілдеде Баянауылдағы Торайғыр аулында дүниеге келген. 1950 жылы Абай атындағы №10 мектепті бітірген. Халықаралық табиғи ресурстар Академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор. «Қазақстан Республикасының көрнекті өнертапқышы», «Қазақстан Республикасының көрнекті ғалымы». Ғалымның жетекшілігімен 38 кандидаттық, 5 докторлық диссертация қорғалған. «ХХІ ғасырдың көрнекті ғалымы» медалінің (Англия, Кембридж) иегері.

Махметов Иманжүсіп Махметович

Махметов Иманжүсіп Махметович

Ақтоғай ауданында   (Павлодар облысы)  1934 жылы 28 шілде  айында дүниеге келген. Абай атындағы №10 мектепке оқуға 1947 жылы келіп 1952 жылы аяқтаған. Қазстальмонтажда, Алюминий зауытында электрдәнекерлеуші қызметін ұзақ жылдар бойына атқарған. Үздік еңбегі үшін, қазақ жігіттерінің арасында алғашқылардың бірі болып, 1965 жылы Кеңестер одағының ең биік сыйлығы - Ленин орденін алған.

Қайдаров Қажкен Қабышұлы

Қайдаров Қажкен Қабышұлы

Павлодар облысының Духовни селосында 1939 жылы туған. 1957 жылы Абай атындағы №10 мектепті күміс медальға бітірген. 1957-1960 жылдары ҚазМУ-нің студенті,  алдыңғы қатарлы студент болғандықтан, 1960 жылы Новосибир мемлекеттік университетіне ауыстырылып, 1963 жылы бітіріп шығады. 1970 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты атанады. Поляк тілін жетік меңгерген ғалым 1972-1973 жылдары Варшавада тәжірибе алмасады.

1980-990 жылдары Павлодар Индустриалды институтының проректоры.

1990-1995 жылдары ПМТУ–де бірінші проректор, 1995-1998 жылдары ПМУ-нің бірінші проректоры, 1998 жылдан Павлодар университетінің ректоры болып  қызмет атқарады. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, жоғары ғылым Академиясының корреспондент мүшесі.

Керімбаев Рамазан Ғазисұлы

Керімбаев Рамазан Ғазисұлы

1963 жылы Ермак ауданы Жолқұдық совхозының (қазіргі Қ.Қамзин атындағы) 8-жылдық мектебін бітіріп, Павлодар қаласындағы №10 Абай атындағы мектептің 9-сыныбына оқуға келді.

бiрiншiсi алдың. 1 2 соңғысы