Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49366
Бір айда4494
Бір аптада615
Кеше110
Тәулік43

Ардагерлер

Нургазина Сулушаш Жумабековна

Нургазина Сулушаш Жумабековна

8 қыркүйек 1952 жылы, Павлодар облысы, Краснокутск ауданының, Спартак совхозында туған. 1973 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математикалық факультетінің математика бөлімін бітірді. 1973 жылдан - 1995 жылға дейін Абай атындағы Краснокутск №1 орта мектебінде метематика пәні мұғалімі болып істеді. 1995 жылдан – 2015 жылға дейін Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінде математика пәні мұғалімі болып еңбек етті.

Оқушылары Мубараков Ернар 2003 жылы Қарағандыдағы өткен «Жоғары мектеп және математика» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясында І орынға, Садыгулова Айнұр мен Абилов Данияр – облыстық ғылыми жобалар сайысында ІІ орынға (2006-2007), Республикалық ғылыми жобалар сайысында ІІІ орынға,  Ельтинова Самал мен Абилов Данияр Облыстық ғылыми жобалар сайысында ІІ орынға (2007-2008), Ельтинова Самал 2008 жылы Москва қаласында өткен Халықаралық ғылыми жобалар сайысында І орынға ие болды. Абилов Данияр математика пәні бойынша Республикалық ғылыми жобара сайысында ІІІ орын (2011) алды.

Ұстаздық қызметі үшін, 2008 жылы Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасымен және «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.

Осы мектептен зейнет демалысына шықты.

бiрiншiсi 1 2 3 кел. соңғысы соңғысы