Меню:

Государственные символы:

За год52441
За месяц4757
За неделю738
Вчера94
Сутки2

Исмагулова Ботагоз Баязитовна

Исмагулова Ботагоз Баязитовна

1950 жылы 20 қантарда Баянауыл ауданының, Алексеевка ауылында туған.

1966 жылы Павлодар педагогикалық институтының химия-биология факультетіне түсіп, бітіріп шығады.

1993 жылынан бастап Абай атындағы №10 қазақ орта мектебінде биологиядан сабақ берді. Ұстаздың алдынан ұшырған шәкірттері еліміздің түпкір-түпкірінде еңбек етуде.

          Ұзақ жылғы еңбегі еленіп ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің үздігі» белгісімен, облыстық маслихаттың  Құрмет грамотасымен, қала әкімінің Алғыс хатымен, қалалық кәсіподақ комитетінің грамоталарымен марапатталды. Осы білім ордасынан зейнеткерлікке шықты.

          Зейнеткерлікке шықса да, қалалық педагог ардагерлер ұйымының төрайымы жұмысын қоғамдық жұмыс ретінде атқарады, ПМУ дың дайындық факультетінде, шәкірттерді жоғарғы оқу орнына түсуге дайындауда қол ұшын беруде.

Нұрахметова Күлжамила Сабыққызы

Нұрахметова Күлжамила Сабыққызы

1954 жылы Баянауыл ауданы, Жосалы совхозында дүниеге келді. 1972ж Баянауыл орта мектебін озат бітірді. 1974ж. Павлодар педагогикалық  институтының филология факультетіне түсіп, 1978ж. орыс  тілі және орыс әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығын алды. 1990ж. бастап Абай атындағы №10 лицей-мектебінде  еңбек етті. 1993 жылы ППИ –да сырттай  мектеп  психологтары курсын бітіріп, «Мектеп психологы»  біліктілігі  берілді. Сол мамандық пен бірге негізгі білімі бойынша ұстаздық еңбегін  қазіргі уақытқа дейін атқарады. 2002 жылы оқу-сауықтыру орталығында дарынды балалар “Тау самалы” лагерінде тренингтер жүргізді. 2005 жылы Аламаты қаласында Сорос бағдарламасы бойынша семинарға қатысты. 2008 жылы Астана қаласыда авторлық бағдарлама қорғап, “Дарын” орталығының құрмет грамотасының иегері болды. 2011жылы Балдаурен оқыту-сауықтыру орталығында “Жетістік психологиясы” атты кітабы шықты. “Ассертивті мінез-құлықты қалыптастыру” тақырыбында республика психологтарына шеберлік кластарын,  тренингтер  жүргізді.

Осы мектептен зейнет демалысына шықты.

Иманбекова Зора Уашқызы (1937-2009)

Иманбекова Зора Уашқызы (1937-2009)

1937 жылы 7 қаңтарда дүниеге келген. 1955 жылы Павлодар қаласындағы Абай атындағы №10 мектепті аяқтаған соң осы қаладағы В.В.Воровский атындағы педагогикалық училищені бітірген. Өзі оқыған мектептен 36 жылға созылған еңбек жолында 13 рет бастауыш сынып шәкірттеріне қалам ұстатып, «Әліппені» оқытқан ардагер ұстаз. Коммунистік еңбек үздігі және ардагері медалімен марапатталған. 1978 жылы мұғалімдер съезінің делегаты болып сайланған. Осы мектептен зейнеткерлік демалысына шыққан.

Паруова Алмагүл Нургажиновна

Паруова Алмагүл Нургажиновна

1953 жылы 27 желтоқсанда дүниеге келген. 1974 жылы В.В.Воровский атындағы Павлодар педагогикалық училищесін бітіріп, еңбек жолын Баянауыл ауданы Егіндібұлақ сегізжылдық мектебінің бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастады. 1983-84 оқу жылынан бастап Ақсан орта мектебінде, 1991-92 оқу жылынан бастап Ә.Марғұлан орта мектебінде, 2000-2001 оқу жылынан Павлодар облыстық Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатында және 2006-2007 оқу жылынан бастап өмірінің соңына дейін Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып  ұстаздық етті. Облыстық және қалалық семинарларда Алмагүл Нургажиновна өз шеберлігімен бөлісіп отырды. Облыстық комсомол комитетінің «Құрмет грамотасымен», Аудандық оқу бөлімінің «Мақтау грамотасымен», Облыстық білім департаментінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

Нұрғалиева Нұршат Абдыкаимқызы

Нұрғалиева Нұршат Абдыкаимқызы

1990-91 оқу жылы №10 Абай атындағы лицей мектебінде бастауыш сынып  ұстазы болды. Осы оқу жылында 1-4- сынып  ашылды. Оның көкейінде әрқашанда ұлы педагог К.Д. Ушинскийдің мына сөзі мәңгі тұрды. Ол «Адам білімді ана тілінде алған жөн» деген екен. Сол кісінің сөзін бүгінде ғалымдар да, психологтар да, педагогтар да толық қолдап отыр. Өйткені, бар адамның дүниеге  келе сала бірден екі тілді меңгеруге қабілеті жетпейді. Алдымен ана тілді біл, сосын басқа тілді білуге тырыс. Осы принципті бірінші қойып Нұршат Абдыкаимқызы қызмет атқарды. Аралас мектептен, таза қазақ мектебіне ауысты, одан лицей мектебі қатарына қосылды. Қазақ класына келген балалар, ана тілін түсінбей келді. Олармен сабақтан басқа, кластан тыс жұмыстар, қосымша сабақтар, қоғам жұмысына араластыра отырып, ана тілін меңгертті. Алтын-ұя мектебімізге  әрқашанда тәртіпті, саналы, білімді оқушылары көбейе беруіне үлес қосты.  Осы мектеп ұжымында құрметпен зейнеткерлікке шықты.

Темірбаева Ләйлә Қабиқызы

Темірбаева Ләйлә Қабиқызы

Ләйлә Қабиқызы 1960 жылдың 1 тамызында Павлодар облысы, Щарбақты ауданы Есілбай ауылында дүниеге келді.  Осы жерде мектеп табалдырығын аттап, Есілбай орта мектебін бітірген еді. Ләйлә Қабиқызы білімін 1993 жылы Павлодар педучилищесінде жалғастырды, оны 1996 жылы тамамдаған соң,  1999-2002 жылдар аралығында Павлодар университетінде жоғары білім алып,  «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына ие болды.

Еңбек жолы Шарбақты ауданына қарасты Ботабас ауылының мектебінде басталған еді. Сондай-ақ 1993-1996 жылдар аралығында Романовка орта білім беру мектебінде бастауыш сыныптарға тәлім берді. 1996-2004 жылдары Екібастұз қаласының №26 мектебінде де бастауыш сыныптарда еңбек етті. 2004 жылы Павлодар қаласына көшіп келіп, Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінде еңбек жолын жалғастырып, мектеп ұжымы мен ата-аналар арасында үлкен беделге ие болып, абыроймен қызмет атқарған еді. Аталған ұжымда түрлі марапаттаулар мен алғыс хаттарға ие болды.

Ләйлә Қабиқызын қоғамдық өмірде белсенді, жоғары кәсіби маман, адамгершілігі мол, айналасына жылы шуақ сыйлап жүретін абзал жан, жанашыр туыс, шәкірттерінің сүйікті мұғалімі, қазіргі заманның үлгілі тұлғасы және ұлағатты ұстаз деп танимыз. 

Корабаева Бакыт Бейсенбаевна

Корабаева Бакыт Бейсенбаевна

Баянауыл жерінде 1957 жылдың 13 тамызында дүниеге келді. В.В.Воровский атындағы Павлодар педагогикалық училищесін және Павлодар мемлекеттік университетінде оқыды. Бастауыш сынып оқушыларымен  38 жыл еңбек еткен ардагер ұстаз. Үнемі ізденіспен еңбек еткен ардагер ұстаз жас ұрпақтаң интеллектуалды қабілетін ұштауда талмай еңбек етті.Ұстаз қазақ елінің болашағына саналы білім мен жақсы тәрбие берген ерен еңбегі үшін  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен»,  «Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен»  үш мәрте марапатталды.

Саулебекова Марал Саулебековна

Саулебекова Марал Саулебековна

Родилась 9 января 1947 г. в Карагандинской области. Окончила КазГУ в 1969 г. по специальности «Аналитическая химия». 1969-71 гг. работала в педагогическом институте г.Караганда. 1971-1975 гг. – аспирантура при ИХН АН КазССР. С 1976г. – в пединституте г. Павлодара преподавателем. С 1991 г. – учитель химии школы-лицея №10 г. Павлодар.  

Она - отличник образования Республики Казахстан (2002г.). Имеет почетные грамоты Министерства образования и науки (2002г.); департамента образования за высокий профессионализм в работе, в честь 10-летия независимости РК (2001г.); Павлодарского областного маслихата. Также она имеет публикации: научные статьи в журналах неорганической, координационной химии, в докладах АН СССР; Химия. Справочные материалы; Сборник «Таблицы и рисунки» для средней школы, монография по химии и по здоровому образу жизни.

Воспитала сына и дочь.

Айткенова Әмина Манаповна

Айткенова Әмина Манаповна

1949 жылы Аққу ауданында, Қызыл-Қоғам ауылында дүниеге келді.1968-1972 жылдары Павлодар мемлекеттік институтының математика бөлімінде оқыды. Еңбек жолын Аққу ауданының «Бесқарағай » орта мектебінде бастады. 1981-1994 жылдары «Ямышев » орта мектебінде математика пәнінен сабақ беріп, директордың орынбасары қызметін атқарды.1990 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

1999 жылдан бері осы  мектепте математика пәнінен сабақ берді. 2010 жылы Павлодар қаласында өткен халықаралық конференцияда «Математиканы оқытудың өзекті мәселелері » тақырыбына баяндама жасап, І-орынға ие болды.

2010-2011 оқу жылында Облыстық педагог мамандар біліктілігін арттыру институты тыңдаушыларына арнап, «Ұлттық бірыңғай тестке дайындық сұрақтары» атты облыстық мұғалімдерге өткізілген семинарда , «Ұлттық бірыңғай тестте келген С деңгейіндегі есептерді шығару» тақырыбына ашық сабақ көрсетіп, ұстаздар алғысына ие болды.

Оқушылары Айткешов Бекзат пен  Шамшиденов Қайрат 2008 жылы Грецияда өткен халықаралық интелектуалды сайыста ІІІ орынға,  облыстық олимпиадада ІІ орынға ие болды.

Шамшиденов Қайрат  Омск қаласында өткен халықаралық олимпиадада  «Ең үздік геометр» номинациясына, 2009 жылы Талдықорған қаласында өткен Республикалық командалық регатада І орынға, Президенттік олимпиаданың І-ІІ турында жүлделі орындарға, 2011 жылы облыстық олимпиадада математика пәні бойынша ІІІ орынға ие болды.

Әмина Манаповна  2011 жылы  осы мектептен құрметті демалысқа шықты.

Нургазина Сулушаш Жумабековна

Нургазина Сулушаш Жумабековна

8 қыркүйек 1952 жылы, Павлодар облысы, Краснокутск ауданының, Спартак совхозында туған. 1973 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математикалық факультетінің математика бөлімін бітірді. 1973 жылдан - 1995 жылға дейін Абай атындағы Краснокутск №1 орта мектебінде метематика пәні мұғалімі болып істеді. 1995 жылдан – 2015 жылға дейін Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінде математика пәні мұғалімі болып еңбек етті.

Оқушылары Мубараков Ернар 2003 жылы Қарағандыдағы өткен «Жоғары мектеп және математика» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясында І орынға, Садыгулова Айнұр мен Абилов Данияр – облыстық ғылыми жобалар сайысында ІІ орынға (2006-2007), Республикалық ғылыми жобалар сайысында ІІІ орынға,  Ельтинова Самал мен Абилов Данияр Облыстық ғылыми жобалар сайысында ІІ орынға (2007-2008), Ельтинова Самал 2008 жылы Москва қаласында өткен Халықаралық ғылыми жобалар сайысында І орынға ие болды. Абилов Данияр математика пәні бойынша Республикалық ғылыми жобара сайысында ІІІ орын (2011) алды.

Ұстаздық қызметі үшін, 2008 жылы Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасымен және «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.

Осы мектептен зейнет демалысына шықты.

Дюсенова Шамшібану Аманжоловна

Дюсенова Шамшібану Аманжоловна

 

Білімі:жоғары

Санаты:жоғары

Еңбек өтілі:18 жыл

Осы мектептегі жұмыс өтілі:18 жыл

Мамандығы:оқу ісі меңгерушісі, математика пәні мұғалімі

 

Еңбек жолында жеткен жетістіктер мен марапаттаулар:

2000 жыл, Облыстық педагогикалық оқуларға қатысып ІІ орын иеленгені үшін диплом;

2001 жыл, Облыстық математика пәні мұғалімдерінің «Алтын кілт» сайысында ІІ орын дипломы;

2001 жыл, Республикалық математика пәні мұғалімдерінің «Алтын кілт» І Республикалық байқауында «Ең дана ұстаз» номинациясы;

2007 жыл, Қала әкімінің Құрмет грамотасы;

2008 жыл, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері» медалі.

Канапьянова Капия Кабиденовна

Канапьянова Капия Кабиденовна

Образование:высшее, ППИ, филологический факультет,1985 г.

Категория: высшая

Награды:

Почетная Грамота  МОН

Почетная Грамота республиканского научно-практического центра «Дарын», Почетная Грамота ДО

Обладатель специального приза республиканского  конкурса панорамных  уроков, Приз журнала «Русский язык в казахской школе»

первая 1 4 5 6 7 8 10 последняя