Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда56724
Бір айда4021
Бір аптада572
Кеше57
Тәулік1
Қабылдау бөлмесі
Альмира Кабдыгалиевна Бидаулетова
30 Сәуір 2014
Вопрос / Обращение #95
Сәлеметсіз бе! менің қызым биыл 6 жасқа толады, ендігі жылы құдай қаласа сіздің мектебіңізге түсуге тырысамыз. Менің сізге қояр сұрағым мынандай: сіздерден үлгі ретінде өткен жылдардың тапсырмаларын алуға болады ма (алдын - ала дайындалу мақсатында)?
Ответ
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызға рахмет. 1-сыныпқа қабылдау ережелері мен үлгі-тапсырмаларын "Ата-анаға құлаққағыс" бөлімінен алуыңызға болады.
Али Куатулы Болат
04 Сәуір 2014
Вопрос / Обращение #92
Обращаемся к Вам с просьбой наладить порядок перед входом в школу, а именно перед забором, так как там утром и в пересменку творится что-то ужасное. Машины подъезжают как хотят, не смотрят , что выходят дети: не всех детей ведь сопровождают. Где эти подъездные пути? Кто должен наладить порядок? Где правила для водителей-пап? Просим разобраться, в противном случае будем вынуждены обратиться в соответствующие инстанции.
Ответ
Құрметті Али Қуатұлы! Сіздің мектеп жанындағы көлік қозғалысы және тоқтау орны туралы өтінішіңіз өте орынды. Бұл - өзіміз үшін де бірнеше жылдар бойы шешімін таба алмай келе жатқан мәселелердің бірі. Мектеп ұжымы, әкімшілік, ата-аналар атынан бірнеше рет қалалық тұрғын- үй коммуналдық шаруашылық (ТҮКШ) мекемесінің бұрынғы басшысы И.Н.Рыбас мырзаға арнайы өтініш хат жолданды. Бізге берілген жауапта сұранысымыздың шешілетіндігі бақылауда екендігі жазылған. Аталмыш орынның қазіргі басшысы ДШайпыранов мырзаға мәселе қайта жазылды, бақылауға алынды. (Хаттар көшірмелері сақтаулы.) Cондықтан, мәселенің шешілуін өзіміз де күтіп отырмыз. Ал мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер, оқушылар тарапынан атқарылатын кезекшілік мектептің ішкі ғимараты мен мектеп территориясында жауапкершілік жүктейді. Жылдың жылы мезгілінде үлкен қоңырау кезінде, ауысым аяқталған шақта ер мұғалімдер мен сынып жетекшілері сыртта кезекшілік атқарып, оқушылардың жеке өмірінің қауіпсіздігін, үйлеріне тарауын қадағалайды. Көше бойындағы көліктердің қозғалысы мектеп тарапынан қадағаланбайды, ата-аналар жиналысында оқушылар қауіпсіздігі мен көліктердің тоқтауына байланысты арнайы ескерту нұсқаулықтары жүргізіліп отырады. Мектеп әкімшілігі
Д Д Оспанова
10 Наурыз 2014
Вопрос / Обращение #90
Здравствуйте! Хотел узнать у Вас правила приема в лицей. Что для этого необходимо? Какие экзамены (тесты) и Ваши основные условия и требования. Если можно поподробнее. И какие льготы для победителей олимпиады "Жауказын" (если они есть)? Извиняюсь заранее за то что обращаюсь не на государственном языке. Просто на компьютере нет казахского шрифта (на котором сейчас набираю обращение)
Ответ
Здравствуйте! Победители олимпиады "Жауказын" зачисляются в школу вне конкурса, а остальные дети, предварительно записавшись, проходят собеседование в начале июня. На собеседовании выявляются психологическая готовность к школе, интеллектуальные и творческие способности ребенка. Дети, успешно прошедшие собеседование, зачисляются в 1 класс.
Сабина Нұрланқызы Әділбек
20 Қаңтар 2014
Вопрос / Обращение #88
Сәлеметсізбе,ал өз күнделікті алған бағаны қалай қарауға болады?
Ответ
Сәлеметсіз бе? Күнделікті бағаларды қарау үшін сынып жетекшісінен өзіңіздін жеке логиныңыз бен құпия сөзді алып арнайы сайтқа кіру қажет. Толық ақпаратты сынып жетекшісі немесе мектептің бағдарламашысынан алуға болады.
кызгалдак Альберт кызы тасымова
03 Желтоқсан 2013
Вопрос / Обращение #86
сәлематсызба? "зерде" гылыми жобалар байкауына калай катысуга болады?
Ответ
Сәлеметсіз бе? 1-7 сынып оқушыларына арналған Республикалық "Зерде" ғылыми-зерттеушілік жобалар сайысының өту ережелерін мектептің "Ғылымға жол-Ғылыми жобалар" бөлімінде немесе аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталықтың сайтында танысуға болады.Сұрағыңызға рахмет.
Алия Оразалықызы Канафина
07 Қараша 2013
Вопрос / Обращение #82
Біздің күзгі демалысымыз қашан бітеді?
Ответ
Сәлеметсіз бе. Күзгі демалыстың соңғы күні - 11 қараша. Оқу 12 қарашадан басталады.
Гульсум Садыққызы Смагулова
17 Қазан 2013
Вопрос / Обращение #80
Сәлеметсіздер ме! 28 қазан күні ПМПИ - мен №10 Абай мектебінің бірлесе ұйымдастырып отырған, бастауыш мұғалімдер акрасындағы сайыстың ережелерімен танысқымыз келеді. осы адреске жіберуіңізді өтінеміз.
Ответ
Салеметсіз бе! Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі Молдабекова Рауза Асқарқызына тағзым ету құрметіне ұйымдастырылып отырған "Мәңгі нұрдың қызметшісі - мұғалім" сайысының ережесі жаңалықтар бөлімінде берілген. Сауалыңызға рахмет.
раушан сағатбек қызы қапар
09 Қазан 2013
Вопрос / Обращение #79
ақ бота марафонына қалай қатысуға болады интернеттен сұрақтарын қалай алуға болады
Ответ
"Ақ бота" интеллектуалдық марафоны 30 қазанда мектепте өткізіледі. Сұрақтары сол күні беріліп, жауаптары белгіленген уақыт аралығында алынады. Марафонға қатысу шарттары мектептің бірінші қабатындағы "Ақпараттар" стендінде берілген.
тайлаков сәкенұлы алдияр
16 Мамыр 2013
Вопрос / Обращение #69
ОСЫ САЙТҚА TURBO PASCAL ПРОГРАММАСЫН ЖҮКТЕП АЛУДЫ ҚОЙМАЙСЫЗДАР МА?
Ответ
TURBO PASCAL ПРОГРАММАСЫН САЙТҚА ҚОЙМАЙМЫЗ, ОНЫ ӨЗІҢІЗ ИНТЕРНЕТ ЖҮЙЕСІНЕН АЛЫҢЫЗ НЕМЕСЕ ИНФОРМАТИКА КАБИНЕТІНЕН АЛУҒА БОЛАДЫ.
Арман Болат Аманжол
13 Мамыр 2013
Вопрос / Обращение #67
2013-2014 оқу жылына "Зерде" ғылыми жобалар сайысына жұмысты тапсыру уақытын білгім келеді
Ответ
2013-2014 оқу жылына ғылыми жобалар тақырыбын тапсырудың соңғы күні 14.05.2013
Балауса Талгат Амантай
08 Мамыр 2013
Вопрос / Обращение #60
Сәлеметсіздер ме?Мектебымызге неше жыл болады?
Ответ
Сәлеметсіз бе? Мектебімізге биыл 75 жыл толады.
ЖӘНІБЕК ЖҰМАҒҰЛ НҰРЛАН
09 Сәуір 2013
Вопрос / Обращение #57
БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУЫ КАЛАЙ ӨТЕДІ?БАЛАЛАР ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТЕДІ МЕ?
Ответ
Мектепке оқушы қабылдау қабылдау «Қазақстан Республикасы дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру Ережесіне» сәйкес іріктеу туры арқылы жүргізіледі. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтарындағы №69 қаулысы). 20 маусымға дейін нәтижесі шығарылады.

бiрiншiсi 1 2 3 4 5 соңғысы

Captcha