Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда80388
Бір айда4514
Бір аптада744
Кеше59
Тәулік47
Мектеп шеберханасына саяхат. "Р" дыбысы мен әрпі.
19 Қаз, 10:19

Күні:13.10

Сынып: 1

Мұғалімі: Кыдырбаева А.З.

Сабақтың тақырыбы

Мектеп шеберханасына саяхат.

Р дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 

1.8 Берілген тақырыпқа  әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

 Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Мектеп шеберханасына саяхат.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

 

Шаттық шебері

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

8 минут

 

 

Электронды оқулықпен жұмыс

-          Р дыбысымен танысу

-          Р дыбысы сөздің қай бөлігінде келетінін айту (қорытынды шығару: р дыбысы сөздің басында, ортасынды, соңында да кездесетінін дәлелдеп айту!

-          Р әрпі неге ұқсайды? (суреттерді көру арқылы табу)

№1 Тыңдалым.

*      Күшік қандай  дыбыс шығарды?

*      Сен осы дыбысты айтып көр.

*      Ізденуді үйымдастыр.

*      Бұл қандай дыбыс?

 

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Орнымыздан тұрайық

Қолды белге қояйық

Бір отырып, бір тұрып,

Біз дем алып алайық!

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

12 минут

№2 Оқылым.

АР  АРА  РА  АР  АРА  АРАЛ   АРАЛА НАР АНАР

АРА;АРА;АРАЛАР!

АРЛАН;АРА АРАЛА:

Сөздердің мағынасын ашу. Суреттер арқылы сөйлемдер құру. Ара сөзінің көпмағыналы екеніне көңіл аударту. Сөйлемдер құру.

Жазылым.Электронды оқулықты тыңдау, көру арқылы жұмыс.

Р әрпінің бас әрпі мен кіші әрпін жазу.

Көзге жаттығу жасау.

Түрлі тапсырмалар

Аяқталуы

 

10 минут

 

 

 

Қалыптастырушы тапсырмалар орындау.

Не деу керек?

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын,

 Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?                            Рақмет

 

Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу-айқай.

Сен де шықтың, көршіңді

Қағып кеттің байқамай.                                    Кешіріңіз

Мұндайда не деу керек?             

 

Осы келген бетіңде,

Допты қудың жарыстың,

Көшенің сол шетінде,

Кезікті бір танысың.

 Ұмыттың сен не деуді?                                Сәлем

 

Добын апар Назардың,

Деді ағаң бармадың.

Тапжылмадың, сазардың,

Аға тілін алмадың.                                         Жарайды

 Сен қай сөзді айтпадың?            

 

 Әжең сенің түскі асқа,

 Қант-кәмпит салды мол.

Жұрттан бұрын ыдысқа,

Өз бетіңмен салдың қол.                                          Рұқсат па?

 Не дегенің жөн еді?                                      

 

Үй артында қоқысты,

Жатқан көптен үйіліп.

Тазалайды қарт кісі,

Белі зорға иіліп.

Не дегенің жөн ед?                          Көмектесейін  

 

Сөздерден сөздер шығару

ара -   ана  апа   ата   аға 

ар -  қар   нар   бар

№3 Суреттегілердің алғашқы әріптерінен қандай сөз шығарып алуға болады?

Картинки по запросу яблока Картинки по запросу верблюд Картинки по запросу груша Картинки по запросу цветы розы букет

Анар сөзін қатыстырып сөйлемдер құру.

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық, дәптерлер.

 

Сабақтың соңы

4 минут

 

Рефлексия

1-қатар р дыбысынан басталатын сөздер айту;

2-қатар р дыбысы ортасында кездесетін сөздер айту;

3-қатар р дыбысына аяқталатын сөздер айту

 

 

 

Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

 

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

Оқушылардың  бір-бірін бағалауы

 

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.