Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда80388
Бір айда4514
Бір аптада744
Кеше59
Тәулік47
Ойлы болсаң, озып көр
19 Қаз, 11:07
Ойлы болсаң, озып көр
1-жүргізуші: Қайырлы күн! 
                      Жүрегінде жалын бар, 
                       Бойында ақыл, ары бар, 
                      Ізетті де, инабатты, 
                      Білгір де, талантты, 
                      Достар!  
2-жүргізуші:
Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар және оқушылар. Сіздермен бірлесе отырып «Ойлы болсаң, озып көр» интеллектуалдық сайысқа шақырамыз.
 
1-жүргізуші:
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,
Ойлы болсаң, озып көр -дегендей, бүгінгі  интеллектуалдық сайыс түрінде өтеді. 
 
2-жүргізуші: Ойын толық, айналған қатты ағысқа
                        Табылғандай танымда, жат дауыс та.
                         Біреу озып келеді қатарынан,
                         Біреу қалып жатады асығыста.
 
1-жүргізуші: 
«Батылдық- балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі- ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға қатысатын сыныптармен таныс болыңыздар. 4 «А»сыныбы, 4 «Ә»сыныбы, 4 «Б» сыныбы, 4 «В» сыныбы.Әр топ өзін топтың атымен және ұранымен таныстырады.
 
2- жүргізуші:
Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шындарға  биік  қоңғайсың  демекпіз. Ал жас қырандар
 
 1- айналым  «Ұшқыр ой» Әр топқа  сұрақтар қойылады.Өз ойларыңызды толық, нақты айту керек. Әр топтың  басшысы келіп тапсырманы алады:
 
1.Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек (4)
2.Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені?( Айгүл)
3.Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса, 1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?( 1 пұт)
1.Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар? (5)
2.Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?(жок)
3.Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?(дорбада)
1.Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9-ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады?(13)
2.Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?(сейсенбі)
3.Немере атасынан: "Жасың нешеде? "деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде? (66)
1.Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?(12)
2.Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?(жұма)
3.Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?(8)
1 жүргізуші: 2-айналым «Құпия хат» Бұл айналымда 007 –ші агентке 008-ші агент не айтқанын табу керексіндер.Кім жылдам табады сол жеңеді.  
 2-жүргізуші:
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім 
Білімдіні сүйерін білім елдің, -   дей отырып 
 «Бөл ,ажырат » атты 3- айналымды бастаймыз.
 
 1-жүргізуші:
 Білімнің  ұшқырлығын  танып  сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен. –дей отырып 4- айналым
 «Кубитс » деген ойынға кезек берейік. 
                                                                        
2-жүргізуші:
Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар. –дей отыра
 «Сурет жұмбақ » атты 5- айналымды бастайық.Бұл айналымда суреттерде  жасырынған мақалды табу керек.
 
Отан  үшін  отқа түс
 
1-жүргізуші: Бүгінгі көріп тамашалаған интеллекуалды сайыс «Ойлы болсаң, озып көр» ойыны мәресіне жетті.
Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет.