Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда81261
Бір айда8298
Бір аптада1461
Кеше194
Тәулік47
«Абай оқулары» әдеби-монтажды сыр мен сезім жарысы
20 Қаз, 10:58

 

Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,

Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?

 

Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

 

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын атандырып келешекке ,

Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

 

Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?

Жауына найза сөзін шанышқан кім?

Өзендей  құйған  барын көк теңізге,

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

 

Сахнаға Абай шығады:

 

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

 

1 - жүргізуші:Абай бізбен мәңгі бірге, өйткені Абай шығармалары ұлттық өнерді дамытудың жаңа бағыты ретінде қызмет атқарып келеді. XXІғ. қазақ әдебиеті Абай дәстүрін жалғастыра отырып өсті, жетілді. Абай ұлтымыздың туы.Абай адам өмірін мағыналы етуді, ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды , адамгершілікті сақтауды, жастарға өсиет етті.

 

 2 - жүргізуші:Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз бәсекелістікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», - деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады.

 

 

1 - жүргізуші:Бүгін осы кішкене залда қазақ сахарасының өзендей алып,өзендей ұлы ғажайып таланттың иесі,қасиетті де,аруақты әлем әдебиетінің жарық жұлдызы-Абай туралы сыр шертпекпіз.

 

2 - жүргізуші:Бүгінгі сәулелі мезетте біз ұлы тұлғамыз-Абай Құнанбаевтың құрметіне арналған кезекті «Абай оқулары» әдеби-монтажды сыр мен сезім жарысына жиналып отырмыз. 

 

1 - жүргізуші:
Жауап іздеп сұрақтарға жан жүректі жаншытқан,
Надандықтың, ой - түйнектің мыңмен жалғыз алысқан.
Ақын Абай, адам Абай заманынан озған данышпан,
Даналығы мәңгілікке уақытпен жарысқан.

2 - жүргізуші:
Асыл сөзді іздессең,
Абайды оқы ерінбе!
Адамдықты көздесең,
Жат тоқып ал көңілге

 

1 - жүргізуші:Енді кезекті Абай өлеңдерін мәнерлеп оқуға береміз.

2 - жүргізуші:Абайды танып білу,оның шығармаларымен сусындап өскен өрендер өмір атты асау ағысты дұрыс бағытта сүре алатыны шындық.. Ал біздің жас өрендер Абайды оқып қана қоймай, ұлы тұлғаға ұқсауға да талпынады.