Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда82632
Бір айда5971
Бір аптада1543
Кеше145
Тәулік5
Блог : Мерекелік құттықтаулар
«Құрметті ұстаздар мекрекелеріңізбен!»
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
29-09-2017 07:16
Құрметті ұстаздар мекрекелеріңізбен!
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Ұстаз деген – анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың. Ұстазыңды түсінген сен тереңнен, Бар әлемге еңбегімен еленген. Сенің бағың өрге қарай өрлесе, Ол да бірге қуанышқа кенелген. Сол арқылы сен де өмірді жалғадың, Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның. Мақтау алсаң ұстаздардың алдында, Ол өзіңнің орындалған арманың. Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып, Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып. Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы, Қасиеті бас иелік мәңгілік! Дереккөзі: www.zharar.com
«8 наурыз мерекесі құтты болсын!»
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
07-03-2017 05:36
8 наурыз мерекесі құтты болсын!
   Қырдың қызғалдағындай құлпырған қыздар, таңның нұрлы шапағындай асыл аналар, өз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған аяулы ұстаздар!    Баршаларыңды шуақты мереке – 8 Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Өмірлеріңіз жарқын, көңілдеріңіз ашық, дендеріңіз сау болсын. Әрқашан біздің ардақты да асылдарымыз боп жанымыздан табылыңдар.
«Алғыс айтқанның алары көп»
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
01-03-2017 10:34
Алғыс айтқанның алары көп
      Алғыс айтам, бәріңе! Ақ жүректен шығатын шын ризашылықты ұран еткен мектеп балалары «Алғыс айтам!» акцияға қатысып, ризашылықтың түрлі үлгісін көрсетті. «Ризамын», «рақмет», «алғысым шексіз» деген сиқырлы сезім сөздерінен мереке жасаған балалар әдептіліктің әлеміне сыпайылықпен саяхат жасады.          Абай мектебі шәкіртіне алғысын білдіреді, рақмет сіздерге, ұстаздар! Ризамыз, сіздерге, ата-аналар! 
«1 Наурыз - Алғыс айту күні»
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
01-03-2016 07:52
1 Наурыз - Алғыс айту күні
 Алғыс айтамыз: Анаға – өмір сыйлағаны үшін, Әкеге – қорған болғаны үшін, Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, Сөзге – жанды жылытатыны үшін,- Күнге – шуағы мен назары үшін, Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, Досқа – құшағы мен иығы үшін, Әжеге – ыстық алақаны үшін, Атаға – өнеге, ақылы үшін, Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін, Отқа – жылулығы үшін... Ал сіз тағы неге рақмет айтар едіңіз? Қалыс қалмаңыз!