Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда81261
Бір айда8298
Бір аптада1461
Кеше194
Тәулік47
«Жарқын болашақ» X республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті
10 Ақп, 10:34

Павлодардағы қазақ тілі олимпиадасының жарқын жұлдыздары Халықаралық «Білім-инновация» қоғамдық қорының бастамасы бойынша 2018 жылдың 8 ақпанында дарынды ер балаларға арналаған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Жарқын болашақ» X республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді. Олимпиада 5 бағыт бойынша жүргізілді: қазақ тілі мен әдебиеті, мәнерлеп оқу, вокал, ғылыми жоба, жазбаша шығармашылық жұмыс. Олимпиада қорытындысында «Тіл-әдебиетшілер» бағыты бойынша II дәрежелі дипломмен мектебіміздің 11 сынып оқушысы Каббасова Данагүл, «Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша II дәрежелі дипломмен 7 сынып оқушысы Жанатова Әсем, «Жас ғалымдар» бағыты бойынша I дәрежелі дипломмен 9 сынып оқушысы Толеубаева Айша, «Жазушылар» сайысында I дәрежелі дипломмен 11 сынып оқушысы Мукатова Асель марапатталды.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!