Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда81261
Бір айда8298
Бір аптада1461
Кеше194
Тәулік47
Мектебіміздің президенттігіне үміткерлер арасында сайлау өтті
03 Нау, 21:40

     Бүгін мектеп президенттігіне үміткерлер арасында сайлау өтті. Сайлаудың басты мақсаты-мектепішілік жұмыстарды атқаратын, жауапкершілігі мол, белсенді оқушыны Президенттікке сайлау. Сайлауға әр сыныптан ең үздік деген 14 оқушы ұсынылды.Бұл оқушылардың бәрі дерлік мектепішілік іс-шараларда белсене ат салысып жүрген оқушылар.

     Сайлауда олар өздерінің жан-жақты тәжірибелі екенін көрсетті.Тіптен алға қойған жоспарларының өзі әр адамның қызығушылығын оята білді.Бұл оқушылардың қай-қайсысы да Президент болса, келешекте  мектебімізде көптеген қолайлы өзгерістер болары сөзсіз. Үміткерлерді сайлауға 4-11 сынып оқушылары мен ұстаздар белсене қатысты. Нәтижесінде өзінің үздік бағдарламасымен жан-жақты қырынан көрсете білген, 9 «Ә»сынып оқушысы Манарбек Азимхан мектеп Президенті болып сайланды. Ал вице-президент болып 7 «А» сынып оқушысы Амангельдина Дариға тағайындалды.

      Алда бұл оқушыларға қолға алған жауапкершіліктеріне мол табыс тілей отырып, мектебіміз бұл оқушылардан зор үміт күтеді.