Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда73553
Бір айда5928
Бір аптада1311
Кеше230
Тәулік15

Мектеп директорлары

Темір Насырұлы Шығаев

Темір Насырұлы Шығаев

1938-1939 оқу жылында «Үлгілі қазақ мектебі» деп аты берілген таза қазақ балаларына арналған мектептің алғашқы директоры.

Мадин Имаш

Мадин Имаш

1939-1940  оқу жылындағы мектеп директоры. 1938 жылы КазПИ-ді бітіріп келген математик мұғалім.  Кейіннен үлкен ғалым болып КазПИ-дің проректоры қызметін атқарған. Ленин орденінің иегері.

Закарьянов  Әкіш

Закарьянов Әкіш

1943-1945 оқу жылдары мектепті басқарды. Елден ағылып келіп білім алуға бет бұрған қазақ балаларына әке орнына әке болып қамқорлық жасай білді.

1941-1943

1941-1943

Сыздыков Күлібай - 1940-1941 оқу жылында мектепті басқарды. (фото жоқ)

Надырмағамбетов - 1941-1943 оқу жылында мектепті басқарды. (фото жоқ)

Аймағанов Ерғали Аймағанұлы

Аймағанов Ерғали Аймағанұлы

1945-1946 жылдары мектеп директоры. Өжет,  намысшыл азамат 1945 жылы соғыс жылдары жүдеп қалған мектепте күрделі жөндеу жасап, қалпына келтірді. Кейіннен ол облыстық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауысады.

Ибрагимов Әбді

Ибрагимов Әбді

1946-1950 жылдары мектеп директоры. 1946-1947 жылы соғыс кезіндегі үзілістен кейін 10 сыныпты 7 оқушы аяқтап, бәрі бірдей жоғары оқу орнына түседі.

Софья (Сәбиля) Әжіғалиқызы

Софья (Сәбиля) Әжіғалиқызы

1950-1951 оқу жылы мектепті Ленинград қаласындағы Н.Крупская атындағы педагогикалық институтты бітіріп келген жас қыз Софья (Сәбиля) Әжіғалиқызы басқарады. Бұл жылы мектепті 17 оқушы аяқтайды.

Байтасов Қабзәкір Байтасұлы

Байтасов Қабзәкір Байтасұлы

1951-1952 оқу жылдары  мектеп директоры. Қарағанды педагогикалық институтының проректоры  болған.

Сыздықов Бәри Еркебайұлы

Сыздықов Бәри Еркебайұлы

1954-1955 оқу жылы мектеп директоры.

Қабылдин Апшау Қабылдыұлы

Қабылдин Апшау Қабылдыұлы

1956-1962 жылдары мектеп директоры. Осы мектеп түлегі.

Төлегенов Мүбарак Жанбосыұлы

Төлегенов Мүбарак Жанбосыұлы

1963-1981 жылға дейін үздіксіз директор. Мектеп тарихында орны ерекше басшы 18 жыл үзбей басшылық жасаған, кеңес дәуірінің солақай саясатының талай ауыр кезеңін бастан кешірген, ұлттық мектепті білім ордасы ретінде сақтап қалуға күш салған. 1981 жылы құрметті демалысқа шығады, Ұлы Отан соғысының ардагері, дербес зейнеткер.

Қабылдин Апшау Қабылдыұлы

Қабылдин Апшау Қабылдыұлы

1981-1990 жылдары директор.  50 жылдық педагогикалық өтілінің 30-35 жылы осы мектеппен байланысты. 1990 жылы құрметті демалысқа шықты.

бiрiншiсi алдың. 1 2 соңғысы