Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда81261
Бір айда8298
Бір аптада1461
Кеше194
Тәулік47

Ардагерлер

Молдабекова Рәзия Асқарқызы

Молдабекова Рәзия Асқарқызы

 Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. Елге танымал ұстаз, білім саласында, оның ішінде ана тілінің кәусары мен тұнығын ғана өз шәкірттеріне берген, бірегей биік тұлға.  Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, халық-ағарту ісінің үздігі, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасының иегері. Қазақстан республикасы оқу-ағарту ісінің үздігі, педагогикалық еңбектің ардагері, тамаша тәлімгер, майталман маман. Облысымыздың  және  дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей мектебінің мақтанышы.

Айдарғалиева Нажжат

Айдарғалиева Нажжат

«Қазақ СССР халық ағарту ісінің озық қызметкері»,  «За трудовое отличие», «За трудовую доблесть», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жылдығы»   мерекелік медалі,  «Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіске 60 жыл»,  «Ветеран труда» медалінің иегері

Күлшат Қамзақызы

Күлшат Қамзақызы

Батылдық пен батырлық, сыпайылық пен сабырылық, тиянақтылық пен жинақылық, тазалық пен ұқыптылық - ұстаздың бойындағы кейінгіге үлгі боларлық ізгі қасиеттер болған.

Күлшат  ұстаз - еліміздің мақтанышы болған Қанаш Қамзиннің туған қарындасы.

Мырзатаева Саулеман

Мырзатаева Саулеман

1937 жыл 14 наурыз күні Қостанай облысы Ұялысай аулында дүниеге келген. 

1950-1951 оқу жылында Абай атындағы №10 қазақ орта мектебінің 7-сыныбына оқуға түсіп, 1954-55 жылы бітірген. Қаламыздағы мұғалімдер даярлайтын училищеге  оқуға түсіп, 1957 жылы ойдағыдай аяқтады. Жолдасы Мырзатаев Қанат  та осы мектептің түлегі, училищеден соң екеуі де өз мектептеріне еңбек еткен.

«Еңбек ардагері» медаліне, көптеген марапаттау грамоталарына ие болған. 1987 жылы осы мектептен зейнеткерлік демалысқа шықты.

Өтегенов Әбдірасыл Қонайұлы

Өтегенов Әбдірасыл Қонайұлы

Алматы қаласындағы педагогикалық институттың  физика-математика факультетін бітірген. «Қазақ ҚСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі», «КСРО халық-ағарту ісінің үздігі», «Қазақ КСР халық-ағарту ісінің озық қызметкері»

Исаханова  Наскен  Исаханқызы

Исаханова Наскен Исаханқызы

40 жылдан астам уақыт бойы химия сабағының оқытушысы болып, зейнеткерлікке шыққан. Көп балалы ана ретінде І, ІІ, ІІІ– дәрежелі орден және медальдармен марапатталған.

Жолымбетова Күлшат Әуезханқызы

Жолымбетова Күлшат Әуезханқызы

 «За доблестный труд в Великой Отечественной  войне 1941-45», «Ұлы Отан соғысының ардагері» атағы бар, екі юбилейлік медальдармен марапатталған.

Мақажанов Қойшыбай Мұхамеджанұлы

Мақажанов Қойшыбай Мұхамеджанұлы

1943 жылы қаладағы мұғалімдер даярлайтын училищеге түсіп, 1946 жылы бітірді. 1946 жылы Алматыдағы С.М. Киров атындағы университеттің филология факультетіне түскен. 1951 жылы бітіріп келіп ОблОНО-ға инспектор, одан кейін облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында қазақ тілі және әдебиет кабинетінің меңгерушісі болды.

1965 жылы Қазақ ССР-ның халық ағарту ісінің озық қызметкері, Қазақ ССР Оқу Министрлігінің құрмет грамотасы, Еңбек ардагері медалімен, Қалалық кәсіптік халық ағарту білімінің құрмет грамотасымен т.б. марапатталды.

Абай мектебінен 1995 жылы зейнеткерлікке шықты.  

Заря Қожахметова

Заря Қожахметова

Заря Қожахметова

Мұхарова Даметкен Мұхарқызы

Мұхарова Даметкен Мұхарқызы

1947 жылы қаңтардың 17 жұлдызында Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы Қараоба елді-мекенінде дүниеге келді. Сол елде Ы. Алтынсарин атындағы Спартак орта мектебінің сегізінші сыныбын үздік бітіріп, 1963-64 оқу жылында Павлодар қаласындағы педагогикалық училищеге түсіп, 1967 жылы ұстаздыққа жолдама алды. Еңбек жолын Ақтоғай ауданы, «Қазанның 25 жылдығы» елді-мекеніндегі сегіз жылдық мектебінің бастауыш мектебінде бастады. 

1971 жылы Павлодар қаласындағы Абай атындағы №10 қазақ мектебінің бастауыш сыныбына ұстаздыққа қабылданды. Бірден  Молдабекова Роза Асқарқызы тәлімгерлікке алды. Себебі, Павлодар қаласындағы педагогикалық училищеде оқып жүргенде №10 қазақ мектептегі тәжірибе үйрену сабақтарында «өте жақсы»  деген бағамен көзге түсіп, Роза Асқарқызының  мадақтауына да бірнеше рет ие болған еді.  

1986 жылы қаңтар айында Алматы қаласында Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми институттың ұйымдастыруымен 1-3-сыныптардың бағдарламасының 4 жылдыққа ауысуына байланысты, жаңа оқулықтардың ішіндегі тапсырмаларын талдауға қатысты. 1992 жылы Алматы қаласында «Дамыта оқытуға» байланысты білім жетілдіру оқуында болып, облыстық ХХІV педагогикалық оқуға қатысып мақтау қағазымен марапатталды.

Жасөспірімдерді оқыту-тәрбиелеудегі еңбегі аудандық аттестация қорытындысы бойынша жоғары болғандықтан, 1990 жылы мақтау қағазы берілді. 1991 жылы «Еңбек ардагері» медалі құрметпен табыс етілді. Педагогикалық еңбегі үшін «Жоғары дәрежелі мамандықты ұстаз» дипломы 1996 жылы берілді.

 «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен 22 сәуір 1996 жылы марапатталды. «Лицейдің ұлағатты ұстазы» деген мектеп ішіндегі ең жоғары атақ  ол үшін өте қадірлі болды. №11,  2002 жыл.

Габдуллина Майра Қаниқызы

Габдуллина Майра Қаниқызы

1972 жылы №5 кешкі жұмысшы жастар қазақ мектебіне  математика пәні мұғалімі болып орналасқан. Оқу ісінің меңгерушісі,  математика пәнінің мұғалімі болып  зейнеткерлік демалысқа шыққан. Білім министрлігінің,  облыстық, қалалық оқу бөлімдерінің грамоталарымен марапатталған ұстаз. Еңбек ардагері.

Шахманов Сағидолла Тойғанұлы

Шахманов Сағидолла Тойғанұлы

1976 жылы 28 тамызда дене тәрбиесі мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Сол кездегі мектеп директоры Төлегенов Мүбарак Жанбосынұлы, Өтегенов Әбдірәсіл Қонайұлы, Мақажанов Қойшыбай Мұхамеджанұлы ағаларымызбен бірге еңбек етті.  1989 – 1995 жылдар аралығында спорт жарыстарынан, турслеттен үнемі жүлделі орындарға ие болып жүрді.

Шәкірттері баскетбол, «Былғары доп» турнирлерінде әрдайым финалдан көрініп, тоғызқұмалақ сайыстарынан 10 жыл қатарынан чемпион атанды.

Сонымен қатар Сағидолла Тойғанұлы 17 жыл еркін күрестен дайындық жүргізді.1989-90 жылдары «Еңбек ардагері» медаліне ие болып, 1993-1995 жылдары «Оқу озаты» атанды. Тыным таппай еңбек етіп осы мектептен 2011 жылы зейнеткерлікке шықты.

 "Дені сау, білімді, еңбекке бейім, жас ұрпақ тәрбиелеуіміз керек", дейді Сағидолла Тойғанұлы.

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 соңғысы